Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет туабітті қалыптасқан екен
Адамдарда коронавирусқа қарсы иммунитет туабітті қалыптасқан екен
©Сурет интернеттен алынды
124
оқылды
Ғалымдардың айтуынша, адам бойында коронавирусқа қарсы Т-жасушалы иммунитеті туабітті қалыптасқан. Себебі, осы дертпен ауырғандармен байланысқа түспегендердің 20-50% -ында коронавирусқа қарсы иммунитеті бар болып шыққан.
Бұған дейін ғалымдар адам бойында мұндай иммунитеттің болуы аз деп санаған. The Guardian-ның мәлімдеуінше, туабітті иммунитеттің барына, оның ішінде көп адам осы иммунды жүйемен туылғанына жүргізілген 6 зерттеу негіз болды.  
Соның екі зерттеу авторының пікірінше, осы иммундық реакция көп адамды аман алып қалған. Себебі, бойдағы бар коронавирусқа қарсы иммунитет бұл дертпен байланысқа түскенде, күшейіп, вирусты жеңіп шыққан.