Маңғыстауда карантиндік шектеу жұмсартылды

Маңғыстауда карантиндік шектеу жұмсартылды

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысын мәлімдеді.

Атап айтқанда, кафе мен мейрамханаларға келушілер саны артты – 30-дан 50 адамға дейін рұқсат етілді. Сонымен қатар театрлар ашылып, ішін адамға 50 пайызға дейін кіргізу рұқат етілді. Алайда адам саны 50-ден аспауы керек.
Дәл осындай талап сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан тамақтандыру мекемелеріне де қойылды. Адам жиналып, үлкен әрі топтық шараларды өткізуге жол берілмейді.