Көше фотографтарының көрмесі
Көше фотографтарының көрмесі
116
оқылды
Көрменің кураторы, фи­ло­соф Ольга Веселованың айтуын­ша, кадрларда фотографтар қала өмірін әр қырынан көрсетеді. Шебердің шығармаларында жалпы сюжет қана емес, со­нымен бірге туған қаласына де­ген үлкен сүйіспеншілік көр­сетіледі.
«Алим Хайдаров бүкіл өмі­р­ін селдің алдын алуға және зерттеуге арнады. Бұл жұ­мыс Алматы үшін Іле Ала­тауы тауларына жақын орна­ласқандықтан өте маңызды. Кәсіби қызметімен қатар, Алим Хайдаровты өзінің туған жері Алматының тіршілігі де аса қызық­тырды. Бұл геологтің фо­томұрағатында қамтылған. Верныйдың ағаш аулаларының тарихы, бізге бұрыннан таныс Алматының романтикалық құ­рылысы, қазір мегаполистің көшесіне айналған қаңырап жатқан дала. Бұл сюжеттер Алим Хайдаровтың фотографиялық әсерлерімен баяндалады»,– деді Ольга Веселова.
Сонымен қатар көрмеде қа­ланың соңғы бірнеше он­жыл­дық тарихын заманауи сурет­ші Бауыржан Сәбитов таныс­тырады. Жоба дәстүрлі түрде қала күніне орайластырылатын бірқатар мерекелік іс-шара­ларды ашатын ARTBAT FEST X заманауи өнер фестивалі ая­сында жүзеге асырылады. Көрме мемлекеттік Alma­ty Gallery көркемсурет гале­реясында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Ұйым­дастырушылар қауіпсіздік ша­ра­ларын сақтау үшін галерея кеңістігіне бір мезгілде 15 адам ғана кіретінін айтты.  

Назгүл ЕРЖАНҚЫЗЫ