Мұғалім қате жауап бергені үшін оқушыны өлердей сабап тастаған
Мұғалім қате жауап бергені үшін оқушыны өлердей сабап тастаған
©Сурет интернеттен алынды
Daily Star-дың мәлімдеуінше, мұғалім оқушыны қатыгездікпен өлімше етіп сабап тастаған. 
Ол оқушыны сыныптастарының алдында тізерлеп тұрғызып қойып, басынан төпештеп ұра берген. Мұғалім жазалауын қалай  тоқтатты,  оқушы есінен танып қалған.
Сол кезде сыныптастары бірден  жедел-жәрдем шақыртып, 10 жасар қыз ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оған ешқандай көмек бере алмады. Сондағысы оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарына екі рет дұрыс жауап бере алмай қалыпты. Қазір іс бойынша тергеу басталды. Әзірге  математика мұғалімі мен мектеп директоры қызметінен босатылды. Жалпы, Қытай мектептерінде оқушыны жиі ұрып-соғып жазалай береді. Тіпті, провинциялардың бірінде ондай әркетті заңдастырылмақшы.