Текелілік үміткерлер қандай үдеріс әкелмек?
Текелілік үміткерлер қандай үдеріс әкелмек?
217
оқылды
Жер-жерде кандидаттар өздерінің үгіт-насихатын жүргізуде. Мұнан бөлек партия тарапынан үміткерлер арасында пікір-сайыс өткізілуде. Кеше Текелі қаласында праймеризге қатысушылар пікірталас алаңында жолықты. Жоспарға сай 6 үміткер  елдіктің, жайын айтты. Өздерінің бағдарламаларын таныстыруға тырысты. Текелі Үміткерлерді кеншілер қаласындағы біраз жай толғандырады екен. Жол – қатынастың күре тамыры. Ал оның сапасыз болуы экономикалық тұрғыдан да, әллеуметтік тұрғыдан да тұрғындар үшін жайсыздық әкеледі. Бір үміткер осыны айтса,  келесісі сапалы ауыз сумен қамту жайын қозғай келе, су шаруашылығы, яғни егінге иек артқан диқандардың еңбегі еш кетпес үшін суармалы су тапшылығын болдырмауды сөз етті.  Текелі қаласын туристік аймаққа айналдыру,  ел Президентінің дәстүрлі Жолдауын жүйелі жүзеге асыру,  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жандануына сүбелі үлес қосу жайлы да кеңінен қозғалды. Айта кетерлік жайт, праймериз арқылы «Nur Otan» партиясы іскер, көшбасшы, ел сенетін тұлғаларды іріктеп, әлеуметтік лифт қалыптастырмақ. Жаңашылдықты қолдамасақ, жаңалануға үн қоспасақ, жаһандану деген көштің соңында қалмақпыз. Демек, праймериз – жаңашылдық қана емес, саяси жүйені ілгері сүйрейтін мықты механизм.

Болат Абаған, Алматы облысы