Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Нұрберген Шәріпов (9-2) Мәскеуде өтіп жатқан ACA 111 турнирінде жеңіске жетті.
61 келі салмақта Нұрберген Шәріпов Владикавказдан келген Тамерлан Кулаевтан (11-1) айласын асырды.
Жерлесіміз осымен оныншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Кулаев болса екінші рет жеңіліп отыр, оған дейін 11 жекпе-жекті өз пайдасына шешкен болатын.
https://www.youtube.com/watch?v=3r_HeFs1aHs&ab_channel=%D0%A2%D0%B5%D1%80%D1%80%D0%B8%D1%82%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F%D0%9C%D0%9C%D0%90