Балаларды суицидке итермелейтін тағы бір ойын пайда болды
Балаларды суицидке итермелейтін тағы бір ойын пайда болды
©Сурет интернеттен алынды
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс психологы және штаттан тыс бас суицидологы Светлана Пошолченко айтуынша, қазір әлеуметтік желілер балаларға көп әсер етіп жатыр.
«Жалпы, балалар мен жасөспірімдер кіріп жүрген «Көк кит», «Тыныш үй», «Үкі» секілді топтары туралы естіген де боларсыз. Әрине, бір кездері бұл топтар жоғалып кеткендей болған. Бірақ қазір қайта белең ала бастады. Оған дәлел де бар. Жақында мені ауруханаға кеңес алу үшін шақырған болатын. Сол кезде суицид жасаған балалардың айтуынша, оларды бұл қылмысқа итермелеген «көк кит» ойыны болыпты. Қуанышымызға орай, қазір ол балалар аман-есен. Бірақ суицидтің агрессивті әдістерінің салдарынан сау бала мүгедекке айналды», - дейді маман.
Психологтың айтуынша, енді бұл ойындар мен топтар қазақ тілінде де құрыла бастады.
"Қазір Қазақстан үшін ойындар қазақ тілінде шыға бастады. Оның нақты қайсы екені де білмейсің. Өйткені олардың атаулары үнемі өзгеріп отырады. Бірақ олардың бәрі –  «көк киттің» аналогі. Онда әр деңгейге өту үшін нұсқаулар мен тапсырмалар берілген. Балалар күн сайын бірнеше тапсырманы орындап отырып, ішіне кіріп кетеді. Ал соңғы тапсырмасы – өз-өзіне қол салу», – дейді суицидолог.