Ер адам жардан құлап, денесінің сау тамтығы қалмаған
Ер адам жардан құлап, денесінің сау тамтығы қалмаған
©Сурет интернеттен алынды
114
оқылды
Өзі Маңғыстау облысы Қарақиян ауданындағы жарларға шығып, дельтапланмен ұшуға дайындалып тұрған. Әп сәтте жардан құлап, денесінің сау тамтығы қалмаған. Түрлі дене жарақаттарымен қатар, қолы да сынған. Inaktau.kz хабарлауынша, соның салдарынан ол жардан өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға орнына алдын-ала жеткен құтқарушылар, алғашқы көмек көрсетті. «Құтқарушылардан тұратын бес адам әлгі жігітті альпинистік техниканың көмегімен көтеріп, зембілге жатқызып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды» деді Қорғаныс министрлігі Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіров.

Әбіл Жазира