Студенттерді шетелге жіберемін деп ата-аналарды алдаған алаяқ табылды
Студенттерді шетелге жіберемін деп ата-аналарды алдаған алаяқ табылды
©Сурет интернеттен алынды
Polisia.kz хабарлауынша, оның бұл іспен айналысып жүргеніне бір жылдан асқан. Ол тіпті ата-аналарды алдау мақсатында студенттерді шетелге жіберу үшін оқу орталығын ашып қойған. Содан әйел ғаламторға шетелдік білім беру мекемелерінде оқытуды ұйымдастырудағы қызметтер туралы жарнама орналастырған.
«Алаяқтық тізбегі келесідей болып шықты: жаңа қатысушылардың ата-аналарына шетелдік жоғары оқу орындарына түскені туралы мүлдем жоқ құжаттар берілді. Кейіннен клиенттер сертификаттың шын екеніне күмәнданбай, күдіктінің есепшотына шұғыл түрде оқу ақысын аударады. Әрбір қылмыстық әрекеттің келтірілген материалдық шығын екі миллион теңге және одан жоғары. Қазіргі уақытта біздің бөлімге жеті адам жүгінді», - деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.
Алмалы аудандық Полиция басқармасының тергеу бөлімі алаяқтық бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қылмысты жеке оқу орталықтарының бірінің басшысы жасаған. Қазіргі уақытта әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша іс қозғалды.