Іс-түссіз жоғалып кеткен баланы әкесі үйге тастап, қонақтан түн ортасында келетін болған соң есікті жаппай кетіп қалған. Баланың жанында анасы қалған. Бұл туралы Daily Mail хабарлады Таңертең анасы ұйқыдан тұрғанда баланы қасынан таппай, жан ұшырып іздей бастайды. Артынан баланы бүкіл ауыл болып іздейді, бірақ таппайды.
Міне, араға 38 жыл салып, полиция 70 жастағы ата-анаға ұлының табылғанын хабарлады. Оны ұлттық дерекқордағы ДНҚ үлгілерін салыстыру арқылы анықтаған. Бүгінде әлгі бала 40 жасқа келген. Есімі – Джин Шуй. Ол ата-анасынан мың шақырым жерде әйелі және екі баласымен тұрады. Кезінде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясынан көшіп келген отбасы 1982 жылы 12 мамырда екі жасар ұлын осылай жоғалтып алыпты. Баланың әкесі – Су Биндэ, шешесі – Хуан Жэньсю. [caption id="attachment_73723" align="alignnone" > © Ankang Televiision / Daily Mail[/caption]Үмітін үзбеген әке баласын басқа қалаларға барып та іздейді. Тіпті, ақшасын үнемдеу үшін қала арасында жаяу жүріп іздеген. Одан ештеңе шықпады, бала табылмады. Ал уайымға батқан анасы психикалық ауруға шалдықты. Жергілікті полиция тергеу бастағанымен, баланы ұрлау ісін қозғамады.