Деревянченкомен жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізген GGG қазақстандықтарға үндеу жолдады (видео)
Деревянченкомен жекпе-жек алдында ашық жаттығу өткізген GGG қазақстандықтарға үндеу жолдады (видео)
147
оқылды

Трансляция Қазақстан уақыты бойынша 6 қазан күні таңға жуық басталады

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Нью-Йоркте жанкүйерлерге арнаған ашық жаттығу рәсімін өткізді. 

«Қазақстаннан келген жігіттерге көп рахмет! Біз біріксек мықтымыз. Қолдауларыңыз үшін мың алғыс!» дейді Головкин. 

Еске салсақ, Головкин мен Деревянченко арасындағы жекпе-жек 5 қазан күні Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ. 

Бокс кешінің трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша 6 қазан күні таңға жуық басталады.

https://youtu.be/fOYMAmnUO1o