Елордада таңғы 04:50-де көпір опырылып түсті
Елордада таңғы 04:50-де көпір опырылып түсті
122
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласының Алаш тас жолы бойындағы «бүкір көпір» аталып кеткен көпірдің бір жақ шеті опырылып құлады. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіше, көпірдің құлағаны туралы ақпарат бүгін таңертеңгі сағат 04:50-де түскен. Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін ТЖД мамандары аттанған. Нәтижесінде, «ҚазақЖолҚұрылыс» ЖШС-ның көпірді бөлшектеу жұмыстары барысында темір-бетон теміржолдың үстіне құлағаны анықталған.

«Оқиға орнында жолды тазалау, көпірді бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Пойыз қозғалысына бөгет етпеді. Көпір үстімен машиналардың жүруіне тек сол жақ бөлігінде ғана рұқсат етілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп атап өтті департамент.

[caption id="attachment_73736" align="alignnone" width="1200"]көпір Фото ашық дереккөзден алынды[/caption] Аталған көпірдің бір бағытында қыс бойы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл көпір Нұр-Сұлтанның Павлодар бағытындағы маңызды дәліздің бойында орналасқан. Көпірдің үстімен көліктерге сағатына 40 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен жүру міндеттелді. [caption id="attachment_73738" align="alignnone" width="711"]көпір ©2gis.kz[/caption]