Полиция кемеде сауық кешін ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр
Полиция кемеде сауық кешін ұйымдастырғандарды іздестіріп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
147
оқылды
Жергілікті полиция кемеге жауаптыларды Полиция департаментіне осы оқиғаға қатысты түсінік беруге шақырған. Сауық кешінің фото, видеосын жағалаудағы куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Видеода 30-ға жуық адамның көңіл көтеріп жатқанын көруге болады, - деп жазады "Спутник Қазақстан". Осыған байланысты Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев Есілдің үстінде би кешін ұйымдастырғандар карантин талабын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

«Бұл факт бойынша көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасы көлік полициясының желілік дирекциясымен бірлесе отырып, видеода көрсетілген адамдарды анықтау үшін тексеруді бастады. осы мақсатта кеме кәсіпкерлігінің басшыларын полиция куәлік беруге шақырды», – дейді Ержан  Байтанаев.

Сауық кешіне қатысқандардың айыбы дәлелденсе, айыппұл салынады.