Головкин мен Деревянченко Нью-Йоркте ашық жаттығу жасады
Головкин мен Деревянченко Нью-Йоркте ашық жаттығу жасады
142
оқылды

1 қазан Нью-Йоркте Геннадий Головкин мен украиндық Сергей Деревянченко орта салмақтағы IBF және IBO нұсқаларындағы әлем чемпионы титулына бақ сынасу алдында ашық жаттығу жұмыстарын жүргізді.

Боксшылар жұдырықтасқан ринг Madison Square Garden маңында орналасқан. Іс-шараны журналистер мен жанкүйерлер көре алды.

Ашық жаттығуға сондай-ақ қазақстандық боксшы Әли Ахмедов пен Монстр атты нигі бар өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов қатысты. Екі боксшы андеркартада өнер көрсетеді.

Атап өтерлігі Головкин мен Деревянченконың бокс кеші 6 қазан таңертең өтеді. Шаршы алаңдағы белді кездесуді Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирден Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 06:00-де көрсетеді.