Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев ақпараттық жүйелер құруға бағытталан мемлекет қаражатын ысырап қылды деген күдікке ілінді.
« Әбішев ақпараттық жүйелер құруға бағытталан 500 миллионнан астам теңге көлеміндегі мемлекет қаражатын ысырап қылды деген күдікке ілінді», — деді Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов брифингте.Тергеу мәліметінше, Әбішев жұмыстың аяқталмағанын біле тұра, атқарылған жұмыс актісіне қол қойып, оны төлеп қойған. Ол ақысын төлеп қойған жүйе жұмыс істемейді. Тергеушілер осы министрліктегі мемлекет қаражатын талан-таражға салудың басқа да деректерін тексеріп жатыр. Комитеттен хабарлағандай, барлық қылмыс пандемияға дейін жасалған. Тергеу жалғасуда, Әбішев ұсталды. Оның ұсталғаны 2 тамызда белгілі болды. Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына Олжас Әбішев 2018 жылғы маусымда тағайындалған болатын.