Бердімұхамедов Ішкі істер министрін қызметінен босатып, наградаларынан айырды
Бердімұхамедов Ішкі істер министрін қызметінен босатып, наградаларынан айырды
93
оқылды

2019 жылдың 9 айындағы Түркіменстанның құқық қорғау органдарының жұмыс қорытындылары бойынша өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы барысында ел басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Ішкі істер министрі Исгендер Муликовты қызметінен босатты.

Түркіменстан президенті Муликовтың бар мемлекеттік наградаларынан айырды деп хабарлайды түркіменстандық мемлекеттік телеарнадағы "Watan" ақпараттық бағдарламасы.

Муликов Түркіменстан Ішкі істер министрлігін қатарынан 10 жыл басқарды. Қызметі барысында ол мемлекет басшысынан 12 сөгіс алған, 2018 және 2019 жылы сөгіс алғанда «соңғы рет» деген ескертуге ілікен.

Оның орнына ішкі істер министрі болып премьер-министрдің көлік, коммуникация және өнеркәсіп жөніндегі орынбасары болған Мәметхан Шақыев тағайындалды.

2019 жылдың маусымында Бердімұхамедов өз ұлын елдің орталық облысының басшысы етіп қойған еді.