Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейне үндеу жасайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен сағат 20.00-ден кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясы аясында БҰҰ 75 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі кездесуде бейне үндеу жасайды.
Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінің тікелей трансляциясын БҰҰ веб сайтынан: http://webtv.un.org көруге болады", - деп жазды ол.