ДДСҰ коронавирусты шөптермен емдеу әдісін мақұлдады
ДДСҰ коронавирусты шөптермен емдеу әдісін мақұлдады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы африкалық шөптерден жасалған дәрілік заттардың ІІІ фазалық клиникалық зерттеулерінің хаттамасын COVID-19 емдеу әдісі ретінде мақұлдады. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады. Безгекке қарсы тиімділігі дәлелденген емдік сусын жусаннан жасалған. Қазіргі уақытта бұл сусын Мадагаскарда, сондай-ақ Африканың бірнеше елінде COVID-Organics немесе CVO деген атпен кеңінен қолданылады. ДДСҰ клиникалық зерттеулер жүргізу үшін деректер мен қауіпсіздік мониторингі комиссиясын құру үшін сынақ хаттамасын, жарғысын және техникалық тапсырманы мақұлдады. «ІІІ фазалық клиникалық зерттеулер жаңа медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен тиімділігін толық бағалау үшін өте маңызды», - делінген хабарламада. Егер дәстүрлі медицина өнімі қауіпсіз, тиімді және кепілдендірілген сапаға ие болса, ДДСҰ оны кең ауқымдағы өндіріске ұсынады.