Иран АҚШ үшін тыңшылық еткен адамды өлім жазасына кесті
Иран АҚШ үшін тыңшылық еткен адамды өлім жазасына кесті
169
оқылды

Иран соты «АҚШ-тың пайдасы үшін тыңшылық жасаған» үш адамды соттап, олардың біреуін өлім жазасына кесті. Азаматтардың біреуі Британияның пайдасы үшін барлау жасап, жазаланды.

Иран сот жүйесінің ресми өкілі Голамхусейн Эсмаили 1 қазанда өткен баспасөз конференциясында «өткен аптада революциялық сот Американың (барлау қызметі) мүддесі үшін тыңшылық жасаған бір адамды өлім жазасына кесті», деп хабарлады.

Жоғары сотта бұл іс бойынша кассациялық шағым қаралмайынша жаза кесілген адамның есімін айтуға болмайды деді Эсмаили. Ол Әли Нафарие және Мұхаммедәли Бабапур АҚШ-тың Орталық барлау қызметіне жұмыс жасағадары үшін 10 жылға, ал Мұхаммед Әмин Насаб Британияның барлау қызметіне жұмыс жасағаны үшін 10 жылға сотталғанын хабарлады.