Сенім – сіз бен бізге байланысты
Сенім – сіз бен бізге байланысты
Бүгін өткен дебатқа Мә­жіліске және облыстық мә­сли­хатқа үмітті азаматтар қа­тысып, олар білім, денсаулық сақтау, қала тазалығы сынды салаларды ерекше назарға алып, біршама ұсыныстарын бағ­дарламаларында жария етті. Одан өзге модератор мен көрер­мендер тарапынан қойыл­ған сауал­дарға да өз деңгейінде жауап берді. Қала әкімі Рашид Аюпов: «Праймериз – елімізде алғаш рет өтіп жатқан көшбасшыларды анық­тайтын дода. Осындай ала­манда суырылып шығып, халық қамы үшін қызмет ете­мін деген жерлестеріме алғыс біл­діремін. Әр күнді қалт жібермей, барлық бағдарламаларды әлеу­меттік желі­лерде тамашалап жүрмін. Көтері­ліп жатқан мәсе­лелер де орынды. Мәселе – бұл жерде жалғыз дебатқа қатысу емес. Партиялық ұйымдарға барып халықпен, партия мүшелерімен кездесу керек – осы ең маңыздысы. Сол жерде олардың көкейдегі сұрақ­тарын есту, проблемаларын білу қажет. Және де қолдан келгенше көмектесу. Үміткерлер бір-біріне кедергі жасамай, яғни бәсекелестікті болдырмай, бірлесіп, бір болып, халық игілігіне жұмыс істеуі керек. Партия дәл қазір дұрыс таң­дау жасау арқылы халықтың жағдайын жақсарту мүмкіндігін беріп отыр. Осы мүмкіндікті қалт жіберіп алмайық. Партияға халықтың сену-сенбеу мәселесі де айтылуда. Бұл сенім де сіз бен бізге тікелей байланысты. Партияға халықтың сенімі болуы үшін нағыз дебат болуы керек. Бірақ біреудің абы­ройын түсіру арқылы көтерілудің қажеті жоқ, бұл – біріншіден. Екіншіден, қолдан келетін дү­ниені айту керек. Кейбір азамат­тарымызды естіп жатыр­мын. Дүниенің бәрін тегін қылам дейді. Ниеті дұрыс шығар, бірақ жалпы жергілікті атқарушы органның қолынан келетін құзыретін нақты білу керек. Бұл – өте маңызды. Сіздерді мыңдаған адам көріп отыр. Сондықтан қолдан келмей­тін уәде бермеу керек», – деді ол. Қала әкімінің айтуынша, жуық арада дауыс беру кезеңі де басталады. «Өзім де филиал төрағасы ретінде «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелдім. Партияның дәл қазіргі уақытта дұрыс таңдау жасай отыра халық жағдайын жақсартуға үлкен мүм­кіндік беріп отырғанын түсі­нуі­міз маңызды. Сондықтан бар­­ша партия мүшелерін дауыс беруге ша­қырамын!» деген Рашид Абатұлы барша үміткер­лерге сәттілік тіледі. Жалпы, облыс бойынша көш­басшылық танытқан үміт­керлер санымен Түркістан қа­ла­сы көш бастап, 106 азамат тір­келген болатын. Оның 72-сі – ер-азамат болса, 34-і – әйел адам. Сондай-ақ Сайрам ауда­нында өткен кезекті пікір­сайысқа «Nur Otan» партия­сы­ның Сайрам аудандық фи­лиа­лының төрағасы, аудан әкімі Ұласбек Сәдібек мырза да қатысты. Жалпы, Сайрам ауданы бойынша праймеризге үміткер ретінде 76 азамат тіркел­ген. Тіркелген азаматтардың 24-і (31,5 пайызы) – әйел адам­дар (3-уі көпбалалы ана). Айталық, бастауыш партия ұйымдары арқылы 10 адам ұсы­­­нылса, 66 үміткер өзін-өзі ұсын­­­ғандар. Өтініш білдірген аза­мат­тардың 65-і аудандық, 10-ы об­­лыстық мәслихатқа және 1 үміт­­кер Парламент Мәжілісіне партияі­шілік іріктеуге үміткер ретін­де өтініш білдірген. Қатысу­шылар­дың орташа жасы – 46 жас. Аудандық филиалға қа­расты 7 500-ден астам партия мүшелерінің дауыс беру тәртібі нақтыланды. Дауыс беруге 12 орын бекітілді. 7 025 партия мүшесінің 1 528 дәстүрлі, 5 493 онлайн дауыс беруі жоспарлануда. Сайрам ауданы бойынша «Nur Otan» партиясы мүшелерінің primaries.kz веб порталы мен мобильді қосымшасына 7 101 партия мүше­сінің 6 105-і (87,%) тіркелді. Дауыс беру орындарына қажетті кабиналар орнату, ноутбук және интернет желісімен қамту жұмыс­тары жүргізілуде.  

Тельман БЕЙСЕН