БҰҰ: Интернет қолданушы балалардың үштен бір бөлігі кибербуллинг құрбаны
БҰҰ: Интернет қолданушы балалардың үштен бір бөлігі кибербуллинг құрбаны
112
оқылды

Интернет қолданушылардың 30 пайызы – балалар, кейбір елдерде олардың үштен бір бөлігі кибербуллинг құрбандары болып отыр. Мұндай дерек тұрақты даму мүддесінде БҰҰ Комиссиясының кеңжолақты байланыс жөніндегі жаңа баяндамасында келтірілген,– деп хабарлады БҰҰ Жаңалықтар қызметі.

Сарапшылар Интернет балалардың білім және ақпарат алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың онлайн-ойын-сауықтың шексіз әлеміне есік ашқанын айтады. Сонымен қатар, виртуалдық кеңістікте кәмелеттік жасқа толмағандарға қауіп төнуде.

Баяндамаға сәйкес, ата-аналардың 17%-ы балаларының кибербуллингке – интернеттегі кемсітуге ұшыраған. Кейбір елдерде бұл көрсеткіш 37%-ға жетіп отыр.

9-17 жас аралығындағы әрбір бесінші бала виртуалдық кеңістікте сексуалдық сипаттағы материалдарға ұшырасады. Бүгінгі таңда әлемдегі балалар мен жасөспірімдердің шамамен 71% интернетті пайдаланады, алдағы жылдары дамушы елдерде кең жолақты байланыс кеңейсе, бұл көрсеткіш тағы да өседі.

Зерттеуге сәйкес, кейбір балалар видеоойындарға тәуелді болып, денсаулықтарына қауіп төнеді. Мамандар интернеттегі қауіп-қатерлермен күресте ата-аналар, мұғалімдер және әлеуметтік қызметкерлер маңызды рөл атқаруы керек екенін айтты. Олар балаларға интернеттегі қауіптер туралы айтып, белгілі бір жағдайларда өзін-өзі қалай ұстау керектігін түсіндіріп, виртуалды кеңістіктегі мінез-құлқын бақылауы керек.