Қайта оралған құс тұмауы

Қайта оралған құс тұмауы

Еліміздің солтүстік аймағында үй құстары «тұмауға» шалдықты. Адамды жалмаған коронавирусты қойып, енді құс тұмауын талқыға салатын болдық. Әңгімеге арқау болар жөні де жоқ емес. Сонау тамыздың басында Омбыдан тұмау шыққанда Ауыл шаруашылығы министрлігі неге шара қабылдамады? Дер кезінде амал қылмағанның салдарынан жүздеген мың құс қырылып, мемлекет бюджетінен қосымша шығын шығатын болды. Осы жағдайға байланысты бү­гін­гі ахуалды сөз етпекке Өңір­лік коммуникациялар қызметін­де Ауыл шаруашылығы вице-ми­нистрі Гүлмира Исаева, Ве­те­ринарлық ба­қылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қызғалдақ Жұбатқанова, Денсаулық сақ­тау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапа­сы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұл­танғазиев, Білім және ғы­лым министрлігінің Ғылым коми­те­ті, ұлттық биотехнология орта­лығының бас директоры Ерлан Ра­манқұлов брифингте бас қосты. Сөз кезегі бірінші Ауыл шаруа­шылығы вице-министрі Гүлмира Исаеваға берілді. Оның айтуынша, 4 тамызда Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Ресеймен шекаралас аудандардан құс еті мен өнімдерін әкелуге тыйым са­лынған. Сонымен бірге Өңірлік коммуникациялар қызметінде өт­кен брифингте аурудың қалай пай­да бол­ғанын айтты. «Құстардың қырылуы жабайы құстармен бай­ланысты. Қазіргі таңда жабайы құс­тар солтүстіктен оңтүстікке ұшып бара жатыр. Бұл құстар су қоймаларында болған. Оны үй құстары пайдаланып, ауру жұқ­тырған. Зертханалық жұмыстар жүр­гізілген соң «құс тұмауы» де­ген нақты диагноз қойылды. Ти­іс­­ті шаралар жүргізілді», – деді ол. Бүгінде рес­публикалық қор­дан 1,7 миллион құсқа салуға мүм­кіндік беретін 1,4 миллион доза көлемінде вакцина бөлінген. Одан бөлек, 1 миллион вакцина күні ертең тағы жеткізіледі. Ол 3,5 мил­лион құсқа екпе жасауға мүмкіндік береді екен. Министрлік өкілдері алдын ала шарасы ретінде өнімдерді Ресейге кіргізуге тыйым салынғанын айтты. Алайда Kazakh-zerno.net сайтында жарық көрген мақалада Батыр Алекперов құс тұмауының елге еніп кетуіне министрлікті кінәлайды. «Құс тұмауы Ресейден келген. Бұл жерде әкімдіктің дәрмені жетпейді. Министрлік қауіп-қатер жайлы алдын ала ескертуі тиіс. Мысалы, Қытайда, Еуропаның әлдебір жерінде құс тұмауы ошағы пайда бола қалса, дереу карантин енгізіп, елге инфекцияны кір­гізбеудің амалын жасайды. Ал енді бізде құс тұмауының салдарынан жүз­деген мың құс қырылып қалды. Не­гізі, тамыздың басында Омбы облысында шыға бастады. Ол бізге келетіні белгілі еді. Неге сол кезде дабыл қақпады? Вакцина егіп, ка­рантин енгізуі қажет болатын. Дер кезінде қимылдамаған соң мемлекеттік бюджетке де салмақ түседі, өтемақы төлеу керек. Өк­ініштісі, бұған ешкім жауап бер­мейді. Мемлекеттің ақшасын еш­кім санамайды. Бизнесті де қор­ғайтын жан жоқ», – дейді автор. Солтүстік Қазақстандағы құс тұ­мауының өршу жағдайына бай­ланысты бір-бірімен қа­тынас­та болған 400 адам анық­талған. Ол­ардың бәрі де – құс фа­брикасында еңбек ететін қыз­меткерлер. «Барлығына ме­ди­циналық бақылау ен­гізілді. Олар­дың жағдайы жақсы. Сонымен бірге құс тұмауының тіркелуіне байланысты Қазақстан аумағында құс еті мен өніміне, сауда орын­дарында бақылау күшейтілді. Ве­теринарлық анықтамалар мен құ­жаттардың бәрі тексеріліп жа­тыр», – дейді Денсаулық сақ­тау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапа­сы мен қауіпсіздігін ба­қылау ко­ми­тетінің төрағасы Тимур Сұлтан­ғазиев. Ветеринария ғылымдарының докторы, вирустар экологиясы ла­бораториясының мең­герушісі Айдын Қыдырмановтың ай­туын­ша, үй құстарының жаппай қы­рыла­тын себебі құс тұмауының не­гізгі иесі бол­мағандықтан. «Жал­пы, тұмау вирустары үнемі ге­не­тикаға ұшырап тұрады. Сол үшін жыл сайын өзгеріп, әртүрлі құс­қа, адамға жұғады. Ал енді бү­гінде талқыланып жатқан құс тұмауы – аты айтып тұрғандай, құстардың ауруы. Мұның вирусы адамға бейімделмеген. Тек жоғарғы дозада жұқтырып, құспен тығыз байланыста болса ғана ауру өтуі мүмкін. Одан кейін адамның им­мунитеті төмен болғанда да жұғуы ықтимал. Бірақ Қазақстанда осы күнге дейін құс тұмауымен адамның ауырғаны туралы дерек тіркелген жоқ. Үй құстарына тұ­мау жабайы құстардан жұғады. Яғни, табиғаттағы иесі үй құстары болмағандықтан, оларға төтенше әсер етеді. Ал жабайы құстар жең­іл түрде өткереді. Қазір тарап жат­қан тұмау ошағы Ресей деп бел­гіленді. Бірақ негізі тұмау Арктика, Сібір сынды суық жақтардан бас көтереді. Әрі көктемде емес, күзде пайда болады. Бізде Солтүстік және Орталық Қазақстанда та­рала­ды. Осы кезге дейін Оңтүстік Қазақстанда не Жамбыл об­лысын­да шықты дегенді естіме­дік. Міне, байқасаңыз, көші-қон жолдарындағы, өзен-көл ма­ңындағы құстармен жиі бай­ланысатын жерлерде шығады», – дейді Айдын Исағалиұлы. Қазіргі таңда Қазақстанның бес об­лысының 26 ауданында құс тұмауы тіркелген. Оның ішінде 47 елді мекеннің құстарына қа­уіп төндірген. Соңғы деректер бо­йын­ша, ел бойынша 12 926 құс­тың қырылғаны белгілі болып отыр. Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасында 41 мың құс өл­ген. Енді сол құс тұмауының ке­сірінен жапа шеккендерге нарық бағасына сәйкес өтемақы төленеді. Облыс әкімдіктерінде арнайы комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр. Олар орта бағаны есептеп шығарады. Соның нә­тижесінде қожайындарына өтемақы бе­ріледі. Барлық тиісті құжат тапсырылса, үш күннің ішінде банк картасына түсуі тиіс. Осы мақсатта 390 мил­лион теңге бөлінеді деп жос­парланып отыр. 19 қыркүйекте Солтүстік Қа­зақстан облысының 7 ауданы, атап айтсақ, Ти­мирязев, Мүсірепов, Шал ақын, Тайынша, М.Жұмабаев, Жамбыл және Қызылжар аудан­дары карантинге жабылды. Енді карантин аясында ауру құс пен  өл­ігін өртеп жатыр. Сонымен бір­ге карантин аймағынан тірі құс­ты шығаруға тыйым салынды. Одан бөлек, инкубациялық жұ­мыртқа, жүні, қауырсыны, еті мен құс өнімдерінің өзге де түр­лерін тасымалдауға болмайды. Дү­ниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы құс тұмауынан қорғану үшін мынадай ұсыныстар айтады.

  • Балалардың жабайы не үйдегі ауру құспен ойнамауын қадағалау керек.
  • Ауыратын не өлген құсты қолмен ұс­тауға, жеуге болмайды.
  • Өлі құсты көре қалсаңыз, оған басқа адамдарды жақын­датпаңыз. Мүмкіндігінше өр­теп жіберген жөн. Сонымен қа­тар аудандық ветеринарлық стан­саға хабарлау қажет. Соңынан қо­лыңыз­ды мұқият сабындап, киім ауыстырыңыз.
  • Шикі не толық піспеген құс еті мен жұ­мыртқасын жемеңіз.
  • Құс еті мен жұмыртқасын то­ңазыт­қышта, басқа азық-түліктен бөлек ұстаңыз.
  • Үй құсының ауырғанын бай­қаған бойда ветеринар дәрігерге ха­барласыңыз.
  • Құсты ұстағаннан кейін тұ­мауға ұқсас белгі пайда болса, дереу дәрігерге баруыңыз керек.
 

Жадыра АҚҚАЙЫР