Бағдат Мәнізоров қандай күдікке ілініп отыр?
Бағдат Мәнізоров қандай күдікке ілініп отыр?
128
оқылды

Алматы облысы әкімінің орынбасары болған Бағдат Мәнізоровқа қатысты тергеу жалғасуда. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов айтып берді.

«Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. Б. Мәнізоровқа ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы «Лауазымын пайдалану арқылы аса ірі көлемдегі алаяқтық» айыбы тағылып отыр. Тергеуші күдіктіні үйқамақта ұстау түрінде бұлтартпас шарасын қолдану туралы прокуратураға өтінім берді. Қалған ақпарат Қылмыстық-процессуалдық кодекс талаптарына сәйкес таратылмайды»,– деді Олжас Бектенов.

Еске салайық, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров ұсталғаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.