Өңірде атқарылған оң істер
Өңірде атқарылған оң істер
Тараз қаласымен шектесіп жат­­қан аудан үшін бұл, әрине үл­кен олжа. Оған қоса, қарапайым зат­тар эко­номикасы аясында 1,6 миллиард тең­геге 19 жоба қар­­­жыландырылып,  оның 995 мил­­лион теңге тұратын жо­басы ме­дициналық бұйымдар өн­дірісіне ба­ғытталып отыр. Одан бө­лек, құны  25 миллион теңге тұратын та­ғы бір жоба қаралу үстінде. Асыраушы салаға келсек, биыл өндіріс орындарының саны ұл­ғаюы­мен қатар еңбеккерлердің табыс­тарының артуына да қол жет­кізілген. Сегіз айда ауыл шаруа­шылығында өндірілген өнім 15,1 миллиард тең­ге болып, 1,8 миллиард теңгеге өс­кен. Оның 5,8 миллиард теңгесі егін шаруашылығына тиесілі бол­са, 9,3 миллиард теңге мал ша­руа­шылығынан түскен. Бұған қоса, тұр­ғындарды қысы-жазы көкөніспен қамту үшін аудандағы 6 елді мекенде 33 жылыжай жұмыс істеп тұр. Олар ес­епті кезеңде  126 тонна қызанақ, 191 тонна қияр және 2 тонна басқа да дақылдар жинаған.  Бұл тұста айта кетерлігі, биыл 246,8 миллион тең­геге 64 дана ауыл шаруашылығы тех­никасы да жаңаланып отыр. «Жамбылдықтардың тұр­мыстық та­бысын жақсарту» пи­лоттық жоба­сы өңір жұртшылығы үшін үлкен сый болғаны даусыз.  Осыны жіті тү­сінген Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округінің тұрғындары 5 бағыт бойынша 280 өтінім өткізіп, 1,0 миллиард теңгені толығымен игерген. Үй іргесіндегі жерді кә­деге жарату бағыты бойынша 1 117 ауланың 155 гектар жеріне 13,3 миллион теңгеге тұқым мен ми­­нералды тыңайтқыш алынса,  2 жылыжай құрылысына 16,8 миллион теңге бөлінген. Екінші бағыт бойынша 276 аула 4 760 бас мал мен құс сатып алып, 860 миллион теңгені мақсатты жұмсаған.   Ауыл сыртындағы жерлерді де тиімді пайдалану бағытына  келсек, 117 шаруашылық 1 335 гектар жерге мал азығын дайындау үшін 38,8 миллион теңгеге тұқым мен минералды тыңайтқыш алып отыр. Төртінші бағытқа тоқталсақ, қазір ауданда «Іске Сәт» ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, 100,1 миллион теңгеге 22 техника сатып алынған. Ең соңғы бағыт, өз кәсібін ашу бойынша да жұмыстар жүйесін тауып, 1,8 миллион теңгеге кондитерлік цех іске қосылуда. Жалпы, пилоттық жобаның есе­сінен Жамбыл ауданында мал са­нының өсуі байқалуда. Соның ар­қасында өңір биыл 5 мың тонна ет өндіріп, 27,3 мың тонна сүтті са­тылымға шығарды. Ал ерекше айта кетерлігі, аудан сегіз айда  46,1 мил­лион дана жұмыртқа шығарып отыр.  Бұған қоса, 6 370 басқа арналған 13 мал бордақылау алаңы мен  13 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Құрылыс саласында бұқараның ба­зынасы бірінші орынға қойылған. Бүгінде ауданда 870 адам үй кезегінде тұрса, «Жұмыспен қамтудың  жол кар­тасы» аясында 76 пәтерлі 5 қа­батты тұрғын үй құрылысы жүр­гізілуде. Сондай-ақ тағы 4 тұрғын үйдің құжаттары дайындалып, бюд­жетке өтінім берілген. Ал кезекте тұр­ған 10 мыңнан аса тұрғынды жер те­лімімен қамту үшін 7 елді мекеннің ин­женерлік инфрақұрылымына құ­жаттар әзірленуде. Биыл ауданда Өрнек–Тоғыз­тарау–Жаңаөткел жолы мен 12 ауыл­дың 26 ауылішілік жолдары жөн­делуде. Бұдан бөлек, «Жұмыспен қам­тудың жол картасы» шеңберінде 12 ауылдың 63 ауылішілік көшесі мен 1 аудандық мәндегі автомобиль жолы жаңғырудан өтіп жатыр. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 5 ауылдың 8 ауылішілік көшесі жаңаруда.
– Тіршілік көзін елді мекенге тар­ту бағытында да тындырымды тірлік көп. Мәселен, Жамбыл ауыл­дық округіндегі 5 елді мекенге  ауыз­су жүйесін тарту жұмыстары  аяқ­талса, 6 ауылға ауызсу құбыры жүр­гізілуде. Мұндағы құрылыс то­лықтай аяқталғанда халықтың 71,4 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылады. Қалған елді ме­кендерді де таза ауызсумен қамту жұ­мыстары  көп күттірмей шешімін табады. Газдандыруға келсек, бұған дейін 25 ауылға көгілдір отын же­тіп қойған болса, биыл 13 ауылға газ құбыры жүргізілуде. Әлеуметтің әлеуетін арттыру үшін көрсетіліп жатқан көмек те аз емес. Есепті кезеңде ауданда мем­лекеттік сақтандыру қорынан жұ­мыссыз, өзін-өзі жұмыспен қам­тыған 37 816 адамға 42 500 теңгеден төленді. Одан бөлек, 7 071 азаматқа 15 мың теңгеден үлестірілді. Осы­лай­ша, 212,1 миллион теңгеге тұрғын­дардың коммуналдық төлемі төленді. Сондай-ақ жыл басынан бері 3 847 адам жұмыспен қамтылып,  әлемдік пандемияға  қарамастан  қара халық екі қолға бір күрек тауып жатыр, – дей­ді Жамбыл ауданының әкімі Сә­кен Арубаев. 
Коронавирус індеті кезіндегі қиын­дықтың бірі – жаңа оқу жы­лы­­мен тұспа-тұс  келгені белгілі. Десе де, аудан қашықтықтан оқу­дан қашпады. Жаңа оқу жылы  қарсаңында ауданда 16 701 оқушыны қамтыған 38 мектеп жұмысын бас­таса, оқу-тәрбие процесі екі түр­лі форматта өрбуде. Біріншісі шал­ғай ауылдардағы оқушы саны 250 баладан аспайтын 16 мектепте 1 295 оқушы дәстүрлі түрде білім алса,  22 мектептегі 15 406 білімгер қа­шықтықтан оқыту технологиясы бо­йынша оқытылуда. Олардың бар­лығы смартфонмен қамтылған. 15 406 оқушының  ішіндегі 10 975 баланы  тәрбиелеп отырған  3 729 отбасында жеке компьютер бол­мауына байланысты ең әуе­лі мектеп балансындағы 2 053 ком­пьютер таратылып беріл­ген.  Бұл оқушылардың 68,7 пайы­зын компьютермен қамтуға мүм­кін­дік туғызған. Енді қалған бала­ларды қажетті қондырғымен қам­тамасыз ету үшін 1 676 отбасына рес­публикалық бюджеттен 1 649, ал облыстық кәсіподақ комитеті есе­бінен 27 компьютер берілуде. Бұдан  бөлек, 1-4-сынып оқу­шыларының ата-аналарының өтініштері бойынша  кезекші сынып­тар ашылған. Кезекші сыныптарда барлық санитарлық талапты сақтай отырып, оқушылар 2-3 ауысыммен оқуда. Әр сыныптағы бала саны 15-тен аспайды. Сондай-ақ сабақ арасындағы үзілісте білімгерлердің бір-бірімен кездеспеуі де жіті қада­ғалануда. Мұғалімдердің қашықтықтан оқытуды сапалы ұйымдастыру мен  IТ құзыреттіліктерін арттыру мәсе­лесі де бақылауға алынған. Атап айтсақ,  1172 мұғалім Mic­rosoft   бағдарламасы бойынша шың­далса, 742 мұғалім «Өрлеу» білік­тілікті арттыру институтының ұйым­дастырған вебинарларына қа­тысқан.  Ал педагогикалық шеберлік орталығының онлайн курсынан ауданның  1 650 мұғалімі өткен. Қазір аудан коронавирус інде­тінің болжамды екінші толқынына қызу дайындық үстінде. Қосымша 53  жатын орын  мен дәрі-дәрмек   қоры дайындалып,  83 медицина қызметкері  дәрігерлер санын толық­тыруда. Сонымен қатар 3  ауа беру концентранты   резервте тұр.  Басты мақсат – тұрғындардың өмірін сақ­тап қалу. Сондықтан жергілікті би­лік бұл бағыттағы жұмыстарға жан салуда. Міне, осылайша аймақпен ат­тас аудан тындырымды тірлігімен көп­ке үлгі болуда. Жыл соңына дейін Жам­был ауданы тағы да жағымды жаңалықтарымен қуантады деп сенеміз. kynbagis

Саятхан САТЫЛҒАН,  Жамбыл облысы