Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Жетісу сапары ойдағыдай

Астанадағы құзырлы органдардың Жетісу жеріне сапары жиілеп кетті. Соған қарағанда Мемлекет басшысы мен Үкімет төрағасының Алматы облысына қатысты сұрақтары немесе қызығушылығы  көп-ау деймін. Күні кеше Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр да жұмыс сапарымен Жетісуға  келіп, қасына облыс әкімі Амандық Баталов бастаған топты ертіп,  «Үшарал – Достық» және «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автомобиль жолдарының құрылысымен танысты, Тал­ды­қорғанда салынып жатқан бірқатар нысанды аралады.

«Айқын» ақпарат
Қыркүйек 22, 2020
Әлеумет, Жаңалықтар, Қазақстан
jol jondey
36
қаралым

«Талдықорған – Қалбатау – Өс­­кемен» автожолының 287-615 ша­қырымын қалпына келтіруге 905 техника мен 1 847 жұмысшы күш жұмылдырылыпты.   Жолды  қай­та төсеудің жалпы құны – 115 мил­лиард теңге. Құрылыс жұ­мыс­тары басталғаннан бері 9 897 мың текшеметр жер жұмыстары аяқ­талған. Трассаның 150,7 ша­қыры­мы астындағы қабат, 135,8 ша­қырым төменгі негізгі қабат, 126 ша­қырым жоғарғы базалық қабат бол­са, төменгі қабаттың ұзындығы – 117,8 шақырым.

«Үшарал – Достық» жолын қал­пына келтірудің жалпы құны 12,6 миллиард теңге екен. Қазіргі кезде  нысанда 265 адам еңбек етіп, 144 техника пайдаланылуда.  Биыл 30 шақырымы қолданысқа  беріледі деп болжанған. Екі нысанды да 2021 жылы пайдалануға беру жос­парланған.

Вице-премьер Талдықорғанға жұмыс сапары кезінде 200 орын­ды модульді жұқпалы аурулар ауру­ханасы құрылысының жұмысымен танысты. Жоба директорының айтуынша, нысанның жалпы ау­даны – 6 760 шаршы метр.  Ау­руханада қабылдау бөлмесі, босану, зертхана, жансақтау бөлімдері және кішігірім ота жасайтын бөлме болады. Қазіргі кезде ауру­хананың құрылысы жоспарға сәй­кес жүргізілуде. Аралау бары­сында нысандағы тамақтану, кір жуу бөлімдері жайлы мәселелер пысықталды. Құрылыс кезінде меди­цина қызметкерлерінің ті­лек­тері ескеріліп, басты на­зар­ға алынғаны айтылды. Нысан­ның қаңқасы, қабырғалары тұр­ғы­зылып, шатыры жабылып, ин­же­нерлік желілердің шамамен 85%-і орнатылып, ішкі әрлеу жұ­мыстары басталған.  Қажетті ме­дициналық жабдықтардың 80%-і жеткізілген.

Алматы облысында мыңнан астам пәтер көпбалалы отбасыларға беріледі

Кәсіпкерлерге кредитін кейін төлеуге жағдай жасап отырмыз – Амандық Баталов  

55 күнде салынған аурухана дертке тосқауыл бола ала ма?

Жаңа ауруханада көпшілікке сапалы қызмет көрсететін кадр мә­селесі де реттелуде. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, 82 рези­дент бар. Олардың ішінде инфек­ционистер, пульмонологтар, реа­ни­матологтар, анестезиологтар бар. Резиденттер жергілікті бюджет есе­бінен оқиды. Келер жылы олар үшін  60 пәтерлі көпқабатты үй са­лынады. Бұған дейін қалада меди­цина қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі баспана салынып, пай­далануға берілген.

Облыс орталығындағы әлемдік дең­гейдегі жүзу бассейнінің құ­рылысы да Склярдың назарынан тыс қалмады. Мердігер «Базис Кон­стракшн» компаниясының бас­қарушы директоры Мұстафа Аф­раилов жұмыстың бірінші ке­зеңі толығымен аяқталғанын, 10-15% интерьердің сырлану жұ­мысы ғана қалғанын баяндады. Ғи­мараттың жарықтандырылуы жайы талқыланып, жұмыстың ек­ін­ші кезеңі басталып, 3 гектар ау­мақты абаттандыру жұмыстары қол­ға алынған. Облыс әкімі атап өткендей, бассейн аумағын жақ­сарту «Жастар» саябағының абат­тандырылған аумағымен біртұтас үйлесімді композицияны құрайды. Коттедж қалашығының бүгіні мен болашағы осы сапар барысында сараланды.  Қалашықтағы негізгі тұрғын үй орамдары пайдалануға берілген. Кезекте тұрғандарға  ар­налған тағы біразы дайын.  Бар­лық үй орталықтандырылған газбен жы­лы­туға қосылған. Жыл соңына дейін тағы 349 үй салынбақ. Роман Скляр сапары соңында Қаратал өзенінің жағалауында болып, осы жылдың 2 қыркүйегінде пайда­лануға берілген 280 орындық сту­денттер жатақханасының ішкі ор­наласуымен және орталық қа­лалық алаңның абаттандырылу жұмысымен танысты.

 


Болат АБАҒАН,
Алматы облысы

 

 

 
Тегтер: «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автомобиль жолдары«Үшарал – Достық»Амандық БаталовЖетісу сапарықұзырлы органдаРоман Скляр
Алдыңғы жаңалық

Қызылорда облысында қой ұрлаған қаскөй ұсталды

Келесі жаңалық

Белгілі журналист Зейін Әліпбек жаңа ұйымға басшы болып тағайындалды

Ұқсас жаңалықтар

хирург
Жаңалықтар

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 2021
Николай Чеботько
Жаңалықтар

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 2021
Тұраров
Жаңалықтар

Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Қаңтар 24, 2021
дауыл
Жаңалықтар

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 24, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 23:51

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 23:29

Жанқош Тұраров келесі кездесуін британдық боксшыға қарсы өткізетін болды

Қаңтар 24, 22:47

Бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Қаңтар 24, 22:04

Қоршаған ортаны тазарту технологиясын жасағандарға 100 миллион доллар беріледі

Қаңтар 24, 21:41

Бірнеше өңірде тасжолдар ашылды

Қаңтар 24, 21:12

ШҚО-да қар құрсауында қалған көліктерден 8 адам құтқарылды

Қаңтар 24, 20:32
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

хирург

Хирургтар тарихта алғаш рет адамның қолы мен иығын ауыстырды

Қаңтар 24, 2021
Николай Чеботько

Қазақстандық спортшылар алдағы жарыстарын Николай Чеботьконың құрметіне арнайды

Қаңтар 24, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»