Жетісу сапары ойдағыдай
Жетісу сапары ойдағыдай
«Талдықорған – Қалбатау – Өс­­кемен» автожолының 287-615 ша­қырымын қалпына келтіруге 905 техника мен 1 847 жұмысшы күш жұмылдырылыпты.   Жолды  қай­та төсеудің жалпы құны – 115 мил­лиард теңге. Құрылыс жұ­мыс­тары басталғаннан бері 9 897 мың текшеметр жер жұмыстары аяқ­талған. Трассаның 150,7 ша­қыры­мы астындағы қабат, 135,8 ша­қырым төменгі негізгі қабат, 126 ша­қырым жоғарғы базалық қабат бол­са, төменгі қабаттың ұзындығы – 117,8 шақырым. «Үшарал – Достық» жолын қал­пына келтірудің жалпы құны 12,6 миллиард теңге екен. Қазіргі кезде  нысанда 265 адам еңбек етіп, 144 техника пайдаланылуда.  Биыл 30 шақырымы қолданысқа  беріледі деп болжанған. Екі нысанды да 2021 жылы пайдалануға беру жос­парланған. Вице-премьер Талдықорғанға жұмыс сапары кезінде 200 орын­ды модульді жұқпалы аурулар ауру­ханасы құрылысының жұмысымен танысты. Жоба директорының айтуынша, нысанның жалпы ау­даны – 6 760 шаршы метр.  Ау­руханада қабылдау бөлмесі, босану, зертхана, жансақтау бөлімдері және кішігірім ота жасайтын бөлме болады. Қазіргі кезде ауру­хананың құрылысы жоспарға сәй­кес жүргізілуде. Аралау бары­сында нысандағы тамақтану, кір жуу бөлімдері жайлы мәселелер пысықталды. Құрылыс кезінде меди­цина қызметкерлерінің ті­лек­тері ескеріліп, басты на­зар­ға алынғаны айтылды. Нысан­ның қаңқасы, қабырғалары тұр­ғы­зылып, шатыры жабылып, ин­же­нерлік желілердің шамамен 85%-і орнатылып, ішкі әрлеу жұ­мыстары басталған.  Қажетті ме­дициналық жабдықтардың 80%-і жеткізілген. Жаңа ауруханада көпшілікке сапалы қызмет көрсететін кадр мә­селесі де реттелуде. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, 82 рези­дент бар. Олардың ішінде инфек­ционистер, пульмонологтар, реа­ни­матологтар, анестезиологтар бар. Резиденттер жергілікті бюджет есе­бінен оқиды. Келер жылы олар үшін  60 пәтерлі көпқабатты үй са­лынады. Бұған дейін қалада меди­цина қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі баспана салынып, пай­далануға берілген. Облыс орталығындағы әлемдік дең­гейдегі жүзу бассейнінің құ­рылысы да Склярдың назарынан тыс қалмады. Мердігер «Базис Кон­стракшн» компаниясының бас­қарушы директоры Мұстафа Аф­раилов жұмыстың бірінші ке­зеңі толығымен аяқталғанын, 10-15% интерьердің сырлану жұ­мысы ғана қалғанын баяндады. Ғи­мараттың жарықтандырылуы жайы талқыланып, жұмыстың ек­ін­ші кезеңі басталып, 3 гектар ау­мақты абаттандыру жұмыстары қол­ға алынған. Облыс әкімі атап өткендей, бассейн аумағын жақ­сарту «Жастар» саябағының абат­тандырылған аумағымен біртұтас үйлесімді композицияны құрайды. Коттедж қалашығының бүгіні мен болашағы осы сапар барысында сараланды.  Қалашықтағы негізгі тұрғын үй орамдары пайдалануға берілген. Кезекте тұрғандарға  ар­налған тағы біразы дайын.  Бар­лық үй орталықтандырылған газбен жы­лы­туға қосылған. Жыл соңына дейін тағы 349 үй салынбақ. Роман Скляр сапары соңында Қаратал өзенінің жағалауында болып, осы жылдың 2 қыркүйегінде пайда­лануға берілген 280 орындық сту­денттер жатақханасының ішкі ор­наласуымен және орталық қа­лалық алаңның абаттандырылу жұмысымен танысты.  

Болат АБАҒАН, Алматы облысы