Рухани жаңғыру – ой-сананың кемелденуі
Рухани жаңғыру – ой-сананың кемелденуі
197
оқылды
­Өткен жылы қала әкімінің орын­басары арнайы 44 тармақтан тұратын іс-шара жоспарын бе­кітіп, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, білім, жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері арқылы түрлі бағыттағы шаралар өткізілуде. Атап айтар болсақ,  қала орталығындағы оқу орындарының тіл саласы бо­йынша профессорлар мен белгілі журналистердің қатысуымен «Ла­тын әліпбиі – жаһандану тұсындағы рухани жаңғырудың факторы» атты дөңгелек үстел өтті. Сол кезде кездесуге жалпы 150 азамат қатысты. Ал оқушылар арасында «Тілі зордың – елі зор» қалалық байқау өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар мен жүлделі орындар табысталды. Жалпы, жастар, өсіп келе жат­қан жас ұрпақ – біздің бо­ла­шағымыз. Болашақтың же­місін бүгіннен баптау, оларға дұрыс бағыт беру – негізгі мақ­сатымыз. Сондықтан да ұлттық құндылықтар мен адамгершілік-ізгілік тәрбиесін бере отырып, жас ұрпақты өз Отанының па­триоты болуға, мемлекеттік рә­міздерді құрметтеуге, білімді сапалы меңгеріп, өнерді бойға сіңіруге, саламатты өмір салтын ұстануға шақыру қажет. Соған қарай студент жастар мен жоғары сынып оқушыларының арасынан ерікті жастарды тарта отырып, «Жас ұлан» ББЖҰ тәлімгерлері мен үйлестірушілер қауымдастығы құрылды. Елбасының бастама­сымен құрылған ұйым жоға­ры рухани-адамгершілік құндылық­тарды құрметтей отырып, игілікті істер атқарумен келеді. Қазір жас ұландықтардың саны қала көлемінде 20 800-ге жетті. Ал қала әкімдігінің ғимаратында орналасқан Құқықтық кеңес беру орталығындағы «Отбасылық кеңес бұрышы» отбасын құруды көздеген жастарға ерлі-зайыпты мен жанұяның артықшылығын көрсетуге тырысқан. Негізі, ор­талық жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларға құқықтық, пс­их­ология­лық кеңестер беру­мен айналысады. Соның іш­ін­де некесін бұзуға келген аза­­­­мат­тармен, тұрмыстық зор­лық-зомбылыққа ұшыраған отбасылармен профилактикалық және психологиялық тұрғыдан әңгімелер жүргізіп, құқықтық кеңес беруде. Осы жобалар ая­сында «Мерейлі отбасы – 2019» қалалық байқауы да өткізілді. Жас отбасылар базасы жасақталып, «Отбасы байлығы» тақырыбында WhatsАpp, Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінен арнайы мессенджер қызметі жұмыс істеуде. Отбасы құндылығын насихаттау тақырыбында түрлі форматтағы 5 шара өткізілді. Сонымен қатар қаламызды көркейтуге, қолдауға және дамы­туға бағытталған демеушілік жұ­мыстарға жергілікті бизнес-қа­уымдастықты, азаматтық қоғам институттарын, жастар ұйымдары тартылып, жұмыс атқарылуда. Өткен жылы қаламыздың көркейту-көгалдандыру жұмысына белсене араласып жүрген қала тұрғыны Б.Нұр­хожаевқа «Қоғам жанашыры – 2019» номинациясы берілді. Осыған орай, қала тұрғындарын бір-біріне жақындата түсу үшін түрлі турнирлер мен спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Мәселен, былтырғы Наурыз мей­рамы қаланың орталық ал­аңын­да өткен еді. Сол жерде қол күрес, ар­қан тарту, гір тасын көтеру, қа­зақша күрес секілді ұлттық спорт түрлерінен арнайы сайыстар өт­кізілді. Осы шараға жергілікті бюд­жеттен 1 млн теңге бөлініп, сайыс жеңімпаздарын қаржылай және заттай сыйлықтармен ма­рапат­тады. Ел ішінде ауызбіршілік бол­са, алынбайтын қамал жоқ. Сон­дықтан әрбір тұрғын қаланың да­муына, ауданның өркендеуіне ат­салысуда. «Ауылы бірдің – ауызы бір» дегендей, бүгінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасы елімізді кемелдендіре түсті.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы