Бала күтуші ұрлық жасаған

Бала күтуші ұрлық жасаған

«Қала тұрғыны полицияға арызданып, пәтерінен алтын бұйымдарының, қаракүзен ішігі мен ақша қаражатының ұрланғаны туралы арызданды. Әйел құнды заттарының жо­ғалуына себепкер деп отбасында жұмыс істейтін 21 жастағы қыздан күдіктеніп отыр. Күдікті отбасында осы жылдың қаң­тарынан бастап, бала күтушісі болып жұмыс істеген. Оның алтын бұйымдарды, қаракүзен ішігін және 600 долларды шілде айының соңында ұрлағаны, алайда үй қо­жайындары заттар­дың жоғалғанын таяуда ғана анықтағаны белгілі болды», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта. Ведомство мәліметінше, осы уақытқа дейін күдікті ат­алған отбасыда бала күтушісі ретінде жұмыс істеп келген. Ұрланған зат­тарды қаладағы ломбардтардың біріне өткізіп, түскен қаражатты өз қажетіне жа­ратқан. «Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қыл­мыстық кодекстің 188-бабы бо­йынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ұрлық жасағанын м­о­йындап отыр», – дейді де­партамент өкілдері.  

Н. ЕРЖАНҚЫЗЫ