Зарина екінші айналымға шықты
Зарина екінші айналымға шықты
132
оқылды
Заринаның бастапқыда қарсыласы чехиялық Барбора Стрыцова болып белгіленгенімен, ол келмей қалды да, орнына америкалық спортшы шықты. Үш сетке созылған матч өте тартысты өтті. Бірінші партияда тай-брейкте К.Макхэйл басымдылық көрсетті – 7:6 (7:4). Екінші сетте Зарина Дияс есе қайырды – 7:5. Үшінші, шешуші партияда әуелі қазақстандық теннисші брейк жасап, алға шыққанымен, қарсыласы да қарап қалмады. Дегенмен есеп 4:4 болғанда, Зарина брейкке қол жеткізді. Әйтсе де, матчқа доп бергенде, сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Ақыры кездесу тағдыры тай-брейкте шешіліп, онда қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 7:6 (7:3). Бәсеке 3 сағат 11 минутқа созылды. Заринаның екінші айналымда қарсыласы  US Open турнирінің 2017 жылғы чемпионы, әлемнің 33-інші, турнирдің 8-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенс немесе рейтингте 83-сатыдағы жапониялық Нао Хибино болуы мүмкін.  

М. БАҚЫТ