Қызбен танысуға кеткен ер адам өлі күйінде табылды
Қызбен танысуға кеткен ер адам өлі күйінде табылды
© сурет интернеттен алынды
167
оқылды
Индонезияда ер адам  Tinder атты танысуға арналған қосымша арқылы танысқан қызбен кездескеннен кейін өлі күйінде табылды. Полиция оның 11 бөлікке бөлінген мүшелерін тауып алды, - деп жазады The Mirror. Басылымның жазуынша, әйел адам оны өз үйіне шақырған. Сол кезде әйелдің көңілдесі оны кірпішпен ұрып, кейін пышақпен жарақаттаған.  Ер адам сол жерде көз жұмған. Ер адамның бай екенін білген жұп оны өлтіруді алдын ала ойластырған екен. Оны өлтірген соң картасынан алынған ақшаға үй жалдап, 11 бөлікке мүшеленген өлікті сонда жасырыпты. Полиция қаскөйлерді ұстау кезінде жас жігіттің көзін жойды, әйел қылмысы үшін өлім жазасына кесілді.