Қызылорда облысында қой ұрлаған қаскөй ұсталды

Қызылорда облысында қой ұрлаған қаскөй ұсталды

Қызылорда облысында қой ұрлаған қаскөй ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 11 қыркүйекте Қызылорда қалалық полиция басқармасына Қарауылтөбе ауылының тұрғыны қорасынан екі қойының ұрланғандығы туралы шағым түсірді. Департамент қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Қызылорда қаласының тұрғыны. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 3-бөлігі (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.