Динара Сәдуақасова Grand Swiss супертурниріне қатысады
Динара Сәдуақасова Grand Swiss супертурниріне қатысады
145
оқылды

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова 8-22 қазан аралығында Ұлыбританияның Мэн аралында өтетін FIDE Grand Swiss супертурниріне шақырту алды,– деп хабарлайды sports.kz.

– Әлемдік шахмат тәжі – менің бұрыннан келе жатқан мақсатым, мен оған асықпай бара жатырмын. Бұдан бөлек, мұндай турнирге қатысу – абыройлы гроссмейстерлермен күшімді сынауға жақсы мүмкіндік,– дейді Динара Сәдуақасова.

 


Турнирдің сыйлық қоры жарты миллион долларды құрайды, жеңімпаз ақшалай сыйлықтан бөлек әлемдік шахмат тәжіне үміткерлер турниріне жолдама алады.

 

Турнирге әлемнің 105 мықты шахматшысы шақырылған. Олардың арасында қазіргі шахмат тәжінің иесі Магнус Карлсен де бар.