Тұңғыш Президент саябағына 1 миллион теңгеге «сөйлейтін» орындық қойылды
Тұңғыш Президент саябағына 1 миллион теңгеге «сөйлейтін» орындық қойылды
Фото: Интернеттен алынды
Орындықтар қазақ ақындарының өлеңдерін оқиды. Осындай интерактивті орындықтарды алдағы уақытта Бостандық ауданында бірнеше жерде қою жоспарда бар. Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаевтың айтуынша, орындықтарға тұрғындар қызығушылық танытқан.

«2019 жылы «Қатысу бюджеті» жобасына сәйкес, Бостандық ауданы тұрғындары 2 235 млн теңге сомасына 47 ұсыныс енгізген болатын. Олардың ішінде құны 963,7 млн теңгеге 34 жоба дауыс беруге жолданды. Бүгінде осы жоба аясында Тұңғыш Президент саябағында 1 интерактивті орындық қойылған. Қазір тұрғындардан өтініш көп түсіп жатыр. Бір орындық құны 1 млн теңге шамасында», – деді Серік Әділбаев.

Айта кетейік, интерактивті орындықтағы аудиожүйеге тарихи тұлғалардың өмірбаяны, әндер мен өлеңдер жазылған. Адам орындыққа отырған кезде аудио қосылады.