Қазақстандық бизнесменнің Шығыс Сассексте асылтұқымды жылқы зауыты бар. Енді сол жерге 205 тұрғын үй кешенін салғалы жатыр. Ал тұрғындар бұған наразылық танытты.
«Бәрі Бизақовты керемет санайды. Өйткені ол миллиондаған қаражат салды. Бірақ ол жаңа үйлер салу арқылы мың жылдан астам тарихы бар ауылдың келбетін бұзуы мүмкін», – дейді наразылыққа шыққан тұрғынның бірі Джонатан Уокер.
Бизақовтың құрылысқа қатысты өтінішін Уилден аудандық кеңесі шілде айында мақұлдағанын айта кету керек. Алайда бұл жаңалық тұрғындарды қуантпай отыр. Daily Mail басылымы тұрғындар мәселені сот арқылы шешуге бекініп отырғанын жазады. [caption id="attachment_74204" align="alignnone" width="634"]