Айман Мұсақожаеваның Праймериз бағдарламасы
Айман Мұсақожаеваның Праймериз бағдарламасы
193
оқылды

Бүгінде біздің еліміз бүкіл әлеммен бірге қиын кезеңдерді бастан кешуде. Пандемия біздің өмірімізге өзіндік түзетулер енгізді. Біз күнделікті өмірдің, білім мен мәдениеттің жаңа түрлерін үйреніп жатырмыз, сондықтан енді біз Nur Otan партиясының жүргізіп отырған саясатын біріктіріп, бірлесе қолдауымыз керек. Өйткені ол – алдыңғы қатарлы, ел қамын ойлайтын шынайы партия деп ойлаймын.

   width= Мен қазіргі таңдағы кездесіп жатқан кейбір мәселелерді шешудің нұсқаларын ұсынғым келеді: Президентіміздің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі ретінде ұсынарым – әйелдердің кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ықпал ету, әсіресе, көпбалалы аналар арасында. Олардың ішінде, өнер орталықтарын, коворкинг орталықтарын ашу керек екендігі анық; – қаланың шалғай аудандарына жоғары сапалы интернетті жылжыту үшін жағдай жасау керек; – балаларды жан-жақты дамыту мәселелерін шешкеніміз дұрыс; – төтенше жағдай кезіндегі дәрі-дәрмектер мен маңызды тауарлар бағасының өсуін болдырмау керек; ­– шет аймақтардағы бос ғимараттарда мәдени нысандарды ашуға: өнер орталықтары, көркемөнерпаздар үйірмелерін ашуды қарастырған жөн. Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысатын сурет көрмелері, музыкалық аспаптарда ойнауды үйрену, жастардың флешмобтарын өткізуге мүмкіндіктер туар еді. Біздің студенттер мен еріктілер бұл ғимаратты жаңа шығармашылық көрініс бере отырып, бояп, әрлендіре алады; – Сонымен қатар, әр тұрмыс орындарының жанын көгалдандыру, тұрғындар бос уақыттарын балаларымен өткізуге болатын алаңдар мен саябақтар ашу арқылы ауданның тұрғын үй кешендерінің аулаларын абаттандыру бойынша жұмысты күшейтсек деймін. Аталған шаралар елімізде балалардың бос уақытын қамту мәселесі, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылықты да азайтуға ықпалын тигізер еді. Осының бәріне мен бүкіл әлемді аралап, концерт беріп жүрген кезде, басқа елдерде куәгер болдым. Өз елім мен халқымның өмірі Германия, Финляндия және т.б. елдердегідей мәдени деңгейі жоғары болса деп ойлаймын, және осындай болуына тырысып, қолымнан келгенді аямаймын.

*Материалды жариялау ақысы кандидаттың есебінен төленген.