Автобус жүргізушілерінің жағдайын жасау мәселесін талқылады
Автобус жүргізушілерінің жағдайын жасау мәселесін талқылады
Талқылау тақырыптары алты топ, барлығы 49 қатысушы үшін жеребе тастау әдісімен таңдалды. Пікірталастардың тақырыптары елордамыздың тұрғындарын толғандыратын мәселелер негізінде құрастырылды.    width=

«Партияішілік іріктеудің ең белсенділерін пікірсайыс уақытында тікелей эфирде  анықтаймыз. Шынында да, қатысушылардың әрқайсысы пікірталасқа өте белсенді дайындалды. Бұл олардыңпікірсайыс кезіндегі сөз сөйлеулері мен идеяларынан бірден сезіледі. Мысалы, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін кандидат үшін нөсер кәрізі немесе қоғамдық көлік тақырыбын талқылау оңай емес. Бірақ әзірге барлығы өз міндеттерін жақсы атқарып жатыр», – деді «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов.

Әрбір филиал 10 тақырып бойынша пікір таластырады, тақырыптар: «Нөсер кәріздері және тазарту құрылыстары», «Қоғамдық көлік», «Жастар», «Қауіпсіздік» және т.б. Қатысушылар ашық пікірсайыс регламентінде белгіленген қысқа уақыт ішінде осы салаларда өз идеяларын ұсынуы қажет.    width= Талғат Мамықанов мемлекеттік органдарда тәлімгерлік институтын енгізуді, яғни тәжірибесі бар адамдарды жас қызметкерлерге тәжірибе беруге ынталандыруды ұсынды. «Әділдік» БПҰ өкілі жастар мәселелерін талқылаған пікірталаста жастар үшін шекті жасты арттыру қажеттілігі туралы, мектептерде «Логика» және «Психологиялық дайындық» пәндерін міндетті түрде енгізу туралы мәлімдеді. Сонымен қатар, ол мемлекетке ЕДБ-дан халықтың кепілсіз несиелерін сатып алу үшін бағалы қағаздар шығаруды ұсынды.    width= «Қоғамдық көлік» тақырыбындағы пікірталас өте қызықты өтті. Бұл саладағы проблемалық мәселелерді ШОБ, денсаулық сақтау, білім беру, жастар өкілдері талқылады. Партияішілік іріктеудің қатысушысы Салтанат Дженалиева дәрігер ретінде эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелеріне көп көңіл бөлуді ұсынды.

«Автобус көптеген инфекциялардың ошағы болып табылады, көктемгі - күзгі кезеңде, созылмалы аурулардың өршуі жүріп жатқан кезде, пандемия кезінде барлық автобустар ауаны зарарсыздандыру үшін рециркуляторлармен жабдықталуы тиіс. Олар тұрғындар үшін өте тиімді және қауіпсіз», – деді ол.

   width=   Бизнес өкілі Қанат Естек пікірталас алдында елордалық автобус парктерінің жүргізушілерімен бірнеше рет кездесті. Пікірсайыста ол ең алдымен олар үшін ыңғайлы жағдай жасауды, атап айтқанда соңғы аялдамаларды дәретханалармен жабдықтауды ұсынды.Оның айтуынша, бұл – бүгінгі таңдағы бірінші мәселе. «Байқоңыр» ауданының партия мүшелері пікірталасты өткізу эстафетасын ең көп қатысушылар тіркелген «Есіл» ауданындағы әріптестеріне тапсырды. Пікірсайыс 6 күн ішінде Ұлттық кітапхана ғимаратында Әбіш Кекілбаев залында өтеді. «Сарыарқа» ауданы «Жанұя» отбасы институтының ғимаратында дебаттық марафонды аяқтайды.