Алматыда қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты
Алматыда қыздың асқазанынан 1 келі шаш шықты
Фото: Интернеттен алынды

№4 қалалық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, 17 жастағы бойжеткен асқазаны ауырып, ауруханаға түскен.

Оған фиброгастродуоденоскопия (ФГДС), компьютерлік томография жасалған. Тексеруден соң, қыздың асқазанында шаштың жұмарланған түйнегі (трихобезоар) бар екені анықталған.

«Лапаротомия, гастротомия, отасы кезінде асқазан пішінін қайталап тұрған трихобезоар анықталды. Бұл түйнек асқазанның 70 пайызын алып тұрған. Бойжеткеннің өзі шаш жегенін мойындамай отыр. Бірақ бұл ­– шаш жылдар бойы жиналғаннан пайда болған түйнек. Салмағы 1 келіге жеткеннен кейін асқазан пішіні созылған», ­– дейді хирург Абылай Баймаханов.

Дәрігер науқас дер кезінде ауруханаға жеткізілген соң, аман қалды дейді. Олардың болжамынша, тырнақ тістеу немесе шаш шайнау – баланың әдеті. Шаш ағзаға тамақпен бірге кетіп, жылдар бойы қоқыс жиналуы да мүмкін. "Қазақпараттың" жазуынша, көбінесе, трихобезоар 30 жасқа дейінгі қыз балаларда кездеседі.