Мұны бүгін Мәжіліс депутаты Дания Еспаева айтты. Депуттаттың пікірінше, салық төлеушілердің есебінен банкітің қарызын төлеу дұрыс емес.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова Қыркүйектің басында өткен Үкімет отырысында шағын және орта бизнес тығырыққа тірелгенін айтты. ШОБ бойынша қазіргі уақытта жылдық орташа ставка – 15 пайыз. Сондықтан Үкіметке екінші деңгейлі банктердің қарыздары бойынша 20 пайызбен қайта қаржыландыруды ұсынды.«Яғни, біз салық төлеушілердің есебінен банктердің мәселелерін шешуіміз керек екен. Олай болмау керек. Сол үшін жылдық 20 пайыздық орташа ставкамен қарыз берген банктер жылдық ставканы 14 пайызға дейін төмендетуі керек. Артынша 6 пайызға азаяды. Сол себепті, Президенттің бастамасын толық қолдаймын», – деді Мәжіліс депутаты Дания Еспаева.
Бұған дейін депутат Айқын Қоңыровтың Елімізде 4-5 банкте кредиті барларға кешірім жасамасақ болмайды деген ұсынысы жайында жазған болатынбыз.
Оның айтуынша, кредит төленбесе, экономика деградацияға ұшырайды.Қаржылық институттар қайтарылмаған қарыздар үшін азаматтардың құқығын шектеуге құқы бар.«Өздеріңіз білетіндей, біз халықтың, шағын және орта бизнестің несиеге батып кеткенін айтып, Үкіметке сауал хат жолдаған едік. Біз жалпы халықпен етене жақын жұмыс жүргіземіз. Көбінің мәселесінен хабарымыз бар. Азаматтардың көбі несие жүктемесіне байланысты қиналатынын айтады. Себебі халықтың ішінде 4-5 банкте қарызы бар азаматтар бар. Оларды өтеу тым қиын. Халықтың көбі осындай тығырықта тұр», – дейді Айқын Қоңыров.
«Кейбір қаржылық институттар азаматтардың ел ішінде қозғалысын шектеуге дейінгі құзыретке ие болған. Тіпті пойыз бен ұшаққа отырғызбауға дейінгі жағдайлар кездеседі. Мұның ақыры экономиканы деградацияға ұшыратынын ескеру керек», – деді Айқын Қоңыров.