Францияда 20 мың полицей наразылық шеруіне шықты
Францияда 20 мың полицей наразылық шеруіне шықты
98
оқылды

Францияда жұмыс шарттарымен келіспеген 20 мыңға жуық полиция қызметкері Париж көшелеріне наразылық акциясына шықты. «Ашу маршын» құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби одақтары ұйымдастырған деп хабарлайды BFM TV.

Бұл соңғы 20 жылда полиция қызметкерлері ұйымдастырған алғашқы наразылық шеруі. Бұған лаңкестіктен төнген қауіп пен «сары жилеттер» қозғалысын бақылауда жұмыс шарттарының ауырлығы себеп болған. Басылым ақпарынша осы жылдың басынан бері Францияда 52 полицей өзіне қол жұмсаған.

Бұдан өзге полицейлер зейнетақы реформасына қатысты да үн қатты. Қазір олар арнайы бонустар алады, дегенмен оны алу үшін полицейдің 27 жылдық еңбек өтілу болуы тиіс.

Құқық қорғау қызметкерлері кейде қажетті құрал-жабдықтарды өздеріне сатып алуға тура келетіндігін айтып шағымданды.

Ішкі істер министрінің өкілі Кристофа Кастанера министр бар мәселеден хабардар екенін жеткізді. Ол министрліктің бюджеті 2020 жылға қарай 4 пайызға көбейетінін сондай-ақ жақын жылдарды полиция штатының да ұлғаятынын алға тартты.