Жаһандық апат болған жағдайда бас сауғалайтын мемлекеттер тізімі жасалды
Жаһандық апат болған жағдайда бас сауғалайтын мемлекеттер тізімі жасалды
143
оқылды

Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің ғалымдары адамзат жаһандық эпидемияны өткеріп жан сауғалай алатын әрі технологиялық өркениетті әрі қарай жалғай алатын жер бетіндегі ең қауіпсіз жерлер тізімін жариялады. Мұндай аймақтарға ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) жоғары мемлекеттер кірді. Зерттеу нәтижелері туралы Science Alert басылымы жазады.

Мамандар 250 мыңға жуық халқы бар, БҰҰ-мен мойындалған және өзге мемлекеттермен құрлықтық шекарасы жоқ елдерді қарастырған. Олар өркениетті құра алмайтын тек шағын ғана адамдар тобына баспана бола алатын кішігірім аралдарды тізімге енгізбеген. Сондай-ақ табиғи ресурстардың болуы, қоғамның саяси және әлеуметтік ерекшеліктері, демография мен аралардардың орналасқан аймақтары да қарастырылған.

Зерттеу қорытындысы бойынша 20 мемлекет тізімге кірді. Олардың ішінде әлдеқайда әлеуетке ие Аустралия, Жаңа Зеландия және Исландия. Сондай-ақ Жапония, Барбадос, Куба, Фиджи және Ямайка бар. Бұл елдерде ЖІӨ салыстырмалы түрде жоғары және азық-түлік пен энергия өндірісі саласында өзін-өзі қамтамасыз етеді. Аталған ғалымдардың бұған дейін жасаған зерттеу жұмыстарына сәйкес аралда орналасқан мемлекеттер өз шекараларын тез арада жауып үлгеретін болса, эпидемияның таралуына жол бермейді.