Полицейлердің мәлімдеуінше, Талдықорған қаласында Батыс ҚПБ кезекші бөліміне биыл сәуір айынан бастап ұрлыққа қатысты шағымданушылардың қарасы көбейген.
Ұры үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, ұрлыққа түсетін болған. Ашық қалған есік, құлыпты бұзу арқылы үйлерді тонап отырған, – деп жазады polisia.kz. Полицейлер қылмыстың ізіне түскенде, ұрлықты кәнігі ұры жасағанын топшылаған.Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ бастығы Айдын Аденбаевтың айтуынша, күдікті 15 жасынан бастап ұрлық жасаған. 35 жыл өмірін түрмеде өткізген. Биыл ақпан айында түрмеден бостандыққа шыққан. Соңғы кезде 12 ұрлыққа қатысы бар екені дәлелденіп, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.Іздеу нәтижесінде, он рет сотталған аса қауіпті рецидивист Талдықорған қаласының 54 жастағы тұрғынын қолға түсірген.