Алматыда өгей әкесінен соққы жеген бала көз жұмды
Алматыда өгей әкесінен соққы жеген бала көз жұмды
119
оқылды

Алматыда өгей әкесінен соққы жеген 2 жасар бала көз жұмды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша дәрігерлер баланың қайтыс болғанын 3 қазан сағат таңғы 8-де білген. Бала қатты жарақат алған.

Қайғылы жағдай 23 қыркүйекте болды. Бала үйде өгей әкесімен қалған, анасы жұмыста болған. Жеткіншек бір сәтте жылай бастаған соң, өгей әкесі оны жұбатпақ болған. Жұбата алмаған соң соққыға жығады. Баланың есінен танып қалғанын көрген ер адам оны далаға алып шығады. Өтіп бара жатқандардың бірі дереу жедел жәрдем шақырады.

Кейіннен 1985 жылғы өгей әкесі баланы ұрғанын мойындады. Бала өте ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатқан еді.