Алматы облысында опырылып түскен спорттық нысанға адами фактор әсер етуі мүмкін
Алматы облысында опырылып түскен спорттық нысанға адами фактор әсер етуі мүмкін
© Сурет ғаламтордан
147
оқылды
Алматы облысында опырылып түскен спорттық нысанға адами фактор әсер етуі мүмкін.
«Кеше сағат 11-12 шамасында Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы елді мекенінде спорттық кешеннің үшінші блогы құлады. Қазіргі таңда алдын-ала болжамдарға сәйкес комиссияның қарауы бойынша екі мәселе бар. Біріншісі, құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде техникалық талаптардың бұзылуы немесе жобадан қате кеткен. Апаттың нақты себебін құрылған арнайы комиссия анықтап, қорытындысын береді. Адами фактор да болуы мүмкін. Маман мүмкін жұмысын толық аяқтамай, болтты дұрыс бұрамай не дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде соны толық жасамаудан да болуы мүмкін. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылды», - деді Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Усманбаев.