Әлеуметтік мәселелер сөз етілді
Әлеуметтік мәселелер сөз етілді
157
оқылды
Үміткерлер бірінші кезеңде нақты елді мекендердің мәсе­лесін шешу бойынша көз­қа­растарын білдірді. Ал екінші кезеңде бір-бірінің сұрақтарына жауап беріп, түрлі тақырыпта ой бөлісті. Аягөз ауданының пікір­са­йысқа қатысушылары білім са­ла­сы қызмет­керлерінің цифр­­лы сауаттылық бі­лік­ті­лі­гін жетіл­діре отырып, білім са­па­сын арт­­тыру, Аягөз ауда­ны бойын­ша ба­ла­бақ­­шалар мен мек­тептер санын арттыру, аз қамтылған және асы­рау­­шы­сы жоқ балаларға көмек көр­сету мәселелерін көтерді. Сон­дай-ақ дебат кезінде қала кө­шеле­рін абаттандыру, аудан эконо­микасының дамуы негі­зін­де жаңа кәсіпорындар ашу­ға ұсынылған өтініштерге қол­дау көрсету сынды өзекті мә­се­лелер де талқыланды.
– Біздің ауданымыз бойынша праймеризге 40-тан астам үміт­­кер тіркеліп, бүгінгі таңда өз­дерінің үгіт-насихат жұмысын белсенді түрде жүргізуде. Жалпы, азаматтардың жаңа бастамаға деген белсенділіктері өте жо­ға­ры. Қатысушы азаматтар мен азаматшалар алдарына нақ­­ты мақсаттар қойып, елді ме­кендердегі тұрғындарды тол­ған­дырған мәселе­лерді шешуге күш салатынын жеткізуде. Үміт­керлер арасында өтетін ашық пікірсайыс нағыз пікір алмасатын, ой бөлісетін ашық алаң деуге болады, – дейді «Nur Otan» партиясы Аягөз ау­дан­дық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжегүл Ғабдуллина.
Айта кетейік, үміткерлер ара­­сын­дағы пікірсайыстар 30 қыр­күйекке дейін жалғасады.  

А.ЖАСАНҰЛЫ