Кішкентай қызына түнде гүл сатқызған

Кішкентай қызына түнде гүл сатқызған

Кейінгі кезде әлеуметтік желілерде Шымкент қаласында Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан Бәйдібек би кесенесі алдында түнгі уақытта жасөспірім қыз­дардың шар, гүл сатып жүргені жөнінде әңгіме тарауда. Осыған байланысты Шым­­­кент қаласының Қаратау ауданы бойынша полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп, сол маңда рейд жүргізді. Нәтижесінде, кәмелетке толмаған жасөспірім қызды ұстап алды. Ол түн қараңғысында сонда гүл сатып жүрген. Осы оқиғаға байланысты оқушының заңды өкілі, яғни оның анасы Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 204-бабы 1-тармағына сәйкес жазаланды. Яғни, оған қатысты белгі­ленбеген жерде сауда жасағаны үшін әкімшілік хаттама тол­тырылды. Осы орайда, құқық қорғау органдары ата-аналарға қалаларда күн сайын түнгі мезгілде рейдтік іс-шара жүргізілетінін, оның барысында кәмелетке толма­ғандардың ересексіз, өз бетінше сыртта жүргені анықталса, Әкімшілік құқық­бұзушылық кодексінің 442-бабы 2-тар­мағы бойынша әкімшілік хаттама тол­тырылып, әке-шешесіне айыппұл са­лынатынын ескертеді.  

Ерік ЕРДЕНОВ