Қарашығанақ ақшасы қайда жұмсалмақ?
Қарашығанақ ақшасы қайда жұмсалмақ?
138
оқылды
Энергетика министрлігі 1997 жылғы 18 қарашада бекітілген «Қарашығанақ мұ­най-газ конденсаты кен орны мерді­герлік учас­кесінің өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім» (өнім бөлісу келісімі) аясында жатжұрттық инвесторларды қо­сымша қар­жы бөлгізуге иліктіретін Үкімет қаулы­сының жаңа жобасын дайын­дады. Өнім бөлісу аясында оларға Батыс Қазақстан облысындағы әлеумет­тік және инфрақұрылымдық жобаларға 10 млн 40 мың 126 доллар мөлшерінде қаражат бөлу ұсынылды. Атап айтқанда, бұл ақша Батыс Қа­зақстан облысының Ақсай қаласы ауру­ханасының шұғыл медициналық жүйесін жаңғыртуға, яғни персоналын оқыту, кеңес-консультациялық қызмет көр­сету және басқа да шығыстары бар, сонымен қатар мемлекеттік  колледж база­сында кәсіби оқу орталығын салып, ашуға жұмсалмақ. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Аралтал ауы­лындағы жерді қалпына келтіруге және жауын-шашын суларын сорғыту жүйесін орнатуға қаражат бөлу мәселесі қарас­тырылуда. Жобалар тізбесі Батыс Қазақстан об­лысы әкімдігінің ұсынысы бойынша жа­салыпты. Үкімет қаулысының жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, оны жұрт­шылықпен бірге талқылау осы жылдың 5 қазанына дейін жалғасады.  

Елдос СЕНБАЙ