Аудандық білім, ішкі істер бөлімдері толық тексеріліп жатыр.
Өзбекстанның Қашқадария облысына қарасты Китаб ауданындағы мектептердің бірінің директоры мектептің дәретханасында асылып өлді, – деп жазады zakon.kz. Дереккөздің хабарлауынша, 47 жастағы мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.Директорды сот-медициналық сараптама өткізбестен жерлеген. Осы оқиғаға байланысты тергеушілер аудандық білім және ішкі істер бөлімдерінің жұмысын тексеріп жатыр.Қашқадария облыстық прокуратурасының мәліметінше, директор үш хат жазып қалдырған. Хаттың бірінде ол әріптестеріне жемқорлықпен күресуге кеңес берген.