Қазақстандағы жаңа күнтізбе: Бір жылда 12 ай бар ма, әлде13 пе?
Қазақстандағы жаңа күнтізбе: Бір жылда 12 ай бар ма, әлде13 пе?
Фото: Интернеттен алынды

Жаңа күнтізбенің авторы – академик Сайлыбай Бекболатов.

Бір жылда 13 айы бар жаңа күнтізбені академик жылдар бойы көне түркі кезеңін зерттеп құрастырған, ­ – деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы. Күні кеше жаңа күнтізбені «Жаһандық жаңалық» конференциясының қатысушылар  талқылады. Кейбір ғалымдар қазір қолданып жүрген григориан күнтізбесінің ғылыми негіздемесі жоқ деп есептейді.

«1923 жылы Женевада өткен Лига отырысында күнтізбе реформасына байланысты арнайы халықаралық комитет құру туралы шешім шығарылды. Содан бері күнтізбенің 400 жобасы ұсынылды. Бірақ біреуі де қабылданбады. Біз бүгін төрт жүз бірінші жобаны ұсынып отырмыз. Бұл ­– бүкіләлемдік, үнемі қолданылатын, өзгермейтін күнтізбе», – деді профессор Әділ Ахметов.

Айта кетейік, Қазақстанда жаңа күнтізбе әлі қолданысқа енген жоқ.