Шамалғанда көлік өзенге құлап кетіп екі адам қаза тапты
Шамалғанда көлік өзенге құлап кетіп екі адам қаза тапты
151
оқылды

Шамалған станциясында жеңіл автокөлік өзенге құлап кетті.

Аталған ақпарат kris_p_kz паблигінде жарияланды. Видеоның астында жазылған хабарда «Шамалған станциясында жеңіл көлік жолдан өзенге құлап кетті» деп жазылған.

Алматы полициясы апат салдарынан екі адамның қаза тапқанын хабарлады.

«Жол апаты сағат 9.30-да Қарасай ауданында тіркелді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда. Жол-көлік апатынан 1982 және 1988 жылғы екі ер адам қаза тапты. ҚР ҚК 345 бабының 4 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталды», - деп хабарлайды полиция.