Әуеде құстармен бетпе-бет келген АҚШ вице-президентінің ұшағы жерге шұғыл қонды.
Сейсенбі күні бортында АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс болған ұшақ Нью-Гэмпширде әуеге көтеріле сала, әуежайға қайта оралды, - деп жазады "Қазақпарат". CNN-нің хабарлауынша, оқыс оқиға ұшақ аспанға көтерілген сәтте болған. Ұшақ көп ұзамай қауіпсіздік үшін жерге қайта қонған. [caption id="attachment_74325" align="aligncenter" > Фото: Дереккөзден алынды[/caption] Апатты жағдайдың себебін қазір мамандар анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, Пенс пен оның көмекшілері Вашингтонға басқа ұшақпен барады.Айта кетейік, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.
Пенс Нью-Гэмпширде сайлауалды іс-шараларға уақытылы қатысып, елмен жүздескен.